Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп

Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп

Облыста балаларға вакцина салғызудан үзілді-кесілді бас тартқан ата-аналар бар. Олардың арасында бірде-бір екпе қабылдамағанбалалар да жоқ емес. Вакцинадан бас тартудың негізгі себептері - діни көзқарас, ғаламтордағы түрлі ақпараттардан кейін қалыптасқан жеке түсінік, вакцинаға деген негізсіз сенімсіздік.Ал екпені дер кезінде қабылдамау көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан халықтың медициналық екпе туралы дұрыс түсінігін қалыптастырып, насихат жұмыстарын жандандыру маңызды.
Осы мақсатта 13.06.2019 жылы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқайымованың төрағалық етуімен«Жұқпалы ауруларға қарсы егулерден бас тартқандармен жұмыс жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстелболып өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы менқаладағы барлық емханалардың дәрігерлері қатысты.
Екпеден бас тарту өз кезегінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне алып келетіні сөзсіз. Яғни, дер кезінде екпе алмаған балалар уақыт өте түрлі ауруға ұшырауы және өзі баратын балабақша немесе мектептегі өзге бүлдіршіндерге жұқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан вакцина алудың маңыздылығын айтып, дабыл қаққан мамандар түйіткілді мәселенің шешемін бірге іздеді.Аталмыш іс-шара барысында инфекциялық аурулардың қауіптілігі,екпе қабылдамаудың қатерлі салдары, вакцинаның инфекциялық аурудың алдын алудағы ең тиімді әдіс екендігі айтылды. Дәрігерлер әр емханада екпе салдырудан бас тартқан ата-аналардың бар екендігін және олармен жұмыс жүргізілсе де нәтижесі болмай отырғандығын тілге тиек етті, проблемаларды ортаға салды. Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы діни көзқарас бойынша бас тартқан адамдармен түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Жиын соңында тұрғындар арасында екпеге қатысты түсіндіру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі, екпеден кейінгі күтіну жолдары туралы, вакциналаудың пайдасын насихаттауды күшейту қажеттігі, балалардың егілуін қамтамасыз ету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру тақыланды.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
13 маусым 2019 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам