Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Денесін қайшылап, ине тыққан: Түркістан облысында үш қызға зәбір көрсеткен өгей ана сот алдында жауап берді

Денесін қайшылап, ине тыққан: Түркістан облысында үш қызға зәбір көрсеткен өгей ана сот алдында жауап берді

Түркістан облысында үш қызға жәбір көрсетті деп айыпталған өгей ана сот алдында жауап берді. 

Денесін қайшылап, ине тыққан: Түркістан облысында үш қызға зәбір көрсеткен өгей ана сот алдында жауап берді
Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/видеодан скриншот
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот ісі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау" және "Кәмелетке толмаған адамды әдейі азаптау" бабы бойынша қаралуда.  
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады. 
Бірінші бап бойынша, 28 жастағы әйелге 160 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 40 күнге қамалуы мүмкін. Екінші бап бойынша, 3 жылдан 7 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.
Жетісай ауданында жас келіншек үш өгей қызына қорлық көрсетіп, небір азғындық әрекеттер жасаған. Қыздардың саусағының ине тығып, денесін қайшымен тескен. Басынан ұрып, аяусыз жазалап отырған. Тіпті дұрыс атқармаған міндеті үшін қандай жаза алатынын қойын дәптеріне тізіп шыққан еді.
Мұғалімдері оқушы қыздардың денесінен жарақат ізін көрген бойда полицияға хабар берді. Полиция тергеу жүргізуі барысында өгей ананың азғындығы анықталды. 
Келесі сот отырысы 17 маусымда өтеді. Айыпталушы әйел жүкті. Оның босанатын уақыты да жақын қалды.
14 маусым 2019 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (1546)

22 маусым 2019 ж.

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 937 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам