Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алматының орталығында Yuframe тобындағы Каринаның көлігін тонап кетті (видео)

Алматының орталығында Yuframe тобындағы Каринаның көлігін тонап кетті (видео)

Алматының қақ ортасында Yuframe тобындағы танымал вайнер Карина Өксікбаеваның көлігін тонап кетті. Бұл туралы жас қыз Instagram желісінің сторисінде айтып, ұрылардың «жұмысын» көрсетті, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.Алматының орталығында Yuframe тобындағы Каринаның көлігін тонап кетті (видео)
Карина жариялаған видеодан екі көлікті сындырып кеткені көрінеді. Мұны вайнердің өзі растап отыр. 
«Реніш тудырады. Екі көлікті де сындырып, түк қалдырмай тонап кеткен. Шок болдым. Полиция келе жатқан жоқ. «Қайда тұрасыз? Не болып қалды? Қашан болды?» - деп сұрайды. Келе жатқан жоқ, тұтқаны тастай салады», - деп шағымданды Карина. 
 
Артынша стористе полицейлердің жұмысы түсірілген видео жарияланды. 
Tengrinews.kz порталының мәліметінше, тәртіп сақшылары қылмыс дерегін тіркеген. 
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін, шұғыл шаралар кешені қабылданады», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
14 маусым 2019 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам