Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Авиакомпания Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалған

Авиакомпания Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалған

  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті әуеде жұмыстарды орындау үшін «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға берілген куәліктің қолданысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Авиациялық апатты жасырғаны үшін мән-жай анықталып, тексеру өткізілгенге дейін Азаматтық авиация комитеті «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға 2017 жылдың 3 наурызы күні авиациялық жұмыстарды орындау үшін берілген № KAZ-02/039 куәлігінің қолданысын уақытша тоқтатты», - делінген мәліметте.
Онымен қоса, Ан-2 ұшағын басқарған командир А.Т.Абдуәлиев пен екінші пилот А.Д.Елеусізов ұшуларды орындаудан шеттетілді.
«Белгілі болғандай, 2019 жылдың 2 шілдесі күні «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға тиесілі UP-А0199 тіркеу нөмірі бар Ан-2 ұшағы Қызылорда облысының Шаған ауылында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Қону кезінде ұшақтың алдыңғы бөлігіне қарай аударылуына жол берген. Адамдар және ұшақ зардап шеккен жоқ», - деді ведомстводан.
05 шілде 2019 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 032 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам