Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жайылманың қарбызы тұтынушыға жол тартты

Жайылманың қарбызы тұтынушыға жол тартты

   Жаз мезгілінің орта кезінен бастап қай-қайсымыз қауын-қарбызды іздеп тұрамыз. Дәмі тіл үйіретін бақша дақылдары барлығымыз үшін жеңсік ас. Қазір базарда  әңгелек пен қарбыз сатылымға шықты. Жергілікті тұрғындар Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында пісетін қарбыз өнімін жоғары бағалайды. Аймақ тұрғындары енді осы дәмнен дәм татады. Жылдағы дәстүр бойынша 2 шілдеден бастап жайылмалық диқандар алғашқы өнімін тұтынушыға ұсынып отыр . Бұл жөнінде Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бәкіров хабарлады.
Жайылмалық шаруалар «Бір ауыл – бір кәсіп» қағидатын берік ұстанған.   Ауыл тұрғындары егін егіп, оның несібесін жерден теруден шаршаған емес. Жылдағыдай  200 отбасыға 2 гектардан 5 гектарға дейін тегін жер берілген.  Қазіргі уақытта үш ай тер төгіп еткен еңбектерінің нәтижесін көру үстінде. Осылайша, тұрғындар қуанышы еселей түсуде.
 – Жайылма – қарбызымен қадірлі. Шілде айы келгеннен жұрт осы ауылдың қарбызын іздейді.  Өйткені, дәмі тіл үйіреді. Құрамында дәрумені мол әрі шөліңді қандырады. Таудың таза суымен суғарылып, тың топырақта өніп шығады.  Оның адам ағ­за­сына да пайдасы зор. Сондықтан өзге өңірлерден көлігімен келіп, Жайыл­ма­ның қарбызын алып кетіп жатқан адамдар аз емес.  Жаңақорған ауданының брендіне  айналған дәмі ерекше бұл өнім – аймақ мақтанышы. Балдай тәтті өнім Ресейде де сұранысқа ие, – деді Нұрбол Бәкіров.
Қазірге кезде Жайылма диқандары күніне қарбызды 5-6 жүк көлігіне толтырады. Тау баурайында өсіп-өніп шыққан қарбыз осылайша тұтынушы халыққа жол тартып отыр.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
10 шілде 2019 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 112 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам