Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді

Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді

      Жуырда Петропавл қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті.
Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өткен болатын. Аталмыш чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Досымов Жасұлан қатысып, бақтарын сынады.
90 килограмм салмақ категориясы бойынша Ержан Абдуллаев 1 орынды иеленсе, 100 килограмм салмақта Жасұлан Досымов 2 орынды жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, Дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында 2-орын иеленсе, 2017 жылы Америка құрама штаттарында өткен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен 3-орын, греплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан өткізілген «Конфедерация кубогінде» командалық 3-орынға қол жеткізген.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі
10 шілде 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 226 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам