Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі #Birge #Taza Qazaqstan акциясына қатысты

Облыс әкімі #Birge #Taza Qazaqstan акциясына қатысты

   Қызылорда облысы Арал ауданында республика бойынша өтіп жатқан #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы басталды. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов акцияға қатысып, қызылордалықтарды шараны өткізуде белсенділік танытуға шақырды.
Акцияға ауданның 150 жуық табиғат пайдаланушысы, табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және жастар қатысты.
 "Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Сыр өңірінің дамуына ерекше көңіл бөлді. Бұған дәлел - "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС) жобасы. "Ғасыр жобасының" бірінші кезеңі аясында " Ақлақ" және "Көкарал" су тоспалары салынған болатын. Соның нәтижесінде аймағымызда балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкеміздің тазалығын сақтауға белсенді қатысуға шақырамын!",- деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және оның орынбасарлары, министрлер мен депутаттар мен қала тұрғындары қатысты.  1200 астам тұрғын Қоянды су қоймасының аумағын тазалап, бірнеше сағат ішінде 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды.  Әрі қарай эстафета аймақтарға жолданған еді.
Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. Бүгін Қызылорда облысының Арал ауданында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақ тазартылып, #Birge #TazaQazaqstan акциясы жалғасын табуда. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов эстафетаны аймақтың барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдады.
25 шілде 2019 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам