Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қармақшылықтар «Birge Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қатысты

Қармақшылықтар «Birge Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қатысты

  Сырдария жағалауында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына Қармақшылықтар белсенділікпен қатысты.
Аталмыш акцияға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы арнайы барып қатысып, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауда белсенді болуға шақырды.
Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп гүлденуі өзіміздің қолымызда екенін жеткізді. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - деді аудан басшысы.
Бүгінгі тазалық акциясына «Жасыл Ел» сарбаздарымен қатар 100-ге жуық тұрғындар жұмылдырылды. Акция аясында Сырдария жағалуынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған.
Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданында жұмыс сапары барысында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақты тазартып, #Birge #TazaQazaqstan акциясының жалғасын аймақтың барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған болатын.
Аймақ басшысының қоғам тазалығына деген үн қосуын Қармақшылықтар жоғары деңгейде жүзеге асырды. Бүгінгі тазалық шаралары өз кезегінде ауылдық округтерде, алыс елді мекендерде жалғасуда.

                                         Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
29 шілде 2019 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам