Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Демалыс орындарындағы қауіпсіздік пен қызмет сапасы тексерілді

Демалыс орындарындағы қауіпсіздік пен қызмет сапасы тексерілді

   Жаздың ең ыстық айы – шілде аптап ыстығымен әбігерге салды. Ақылы қызмет көрсететін демалыс орындарына да халық көп жиналуда. Аталмыш демалыс орындарында суға түсетін бассейндер, тамақтану орындары қарастырылған.
Ал сол бассейндердің санитарлық тазалығы, уақытылы залалсыздандырылуы, тағамдардың қауіпсіздігі, жаз мезгілінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерінің талапқа сай тоңазытқыштарда сақталуы өте маңызды. Себебі тиісті тазалық, дезинфекциялау жұмыстары талапқа сай жүргізілмегенде түрлі инфекциялық аурулар, тағамнан уланулар, А гепатиті, сальмоноллез, саңырауқұлақ тудыратын аурулар, педикулез пайда болады.  Қатерлі бактериялардың туындау көзі – жуылмаған ыдыстар, шала жуылған жеміс-жидектер, көкөністер, сақтау серзімі өтіп кеткен өнімдер. Бұдан бөлек, сол тынығу орындарының қызметкерлері түрлі аурулардың таратушысы болып табылуы мүмкін. Сондықтан олар да санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Өйткені А гепатиті қол тазалығын сақтамағанда тағам мен сусындарға оңай түседі.
Адам көп шоғырланған сайын бұл қауіп күшейе түседі. Сол үшін тынығушыларға қызмет көрсететін кәсіпкерлер тынығу орындарының санитарлық-эпидемиолгиялық талаптарға сәйкестігін үнемі бақылауда ұстауы қажет.Сонымен қатар демалыс орындары, жағажайлар ҚР ДСМ17.11.2017 жылғы №836 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіне» сәйкес эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер тізімінде көрсетілгендіктен, кәсіп иелері міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алулары қажет.
Осы мақсатта Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен оның қалалық басқармасының мамандары қаладағы бірқатар тынығу орындарына барып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тынығу орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен ережелер жазылған жадынамалар әзірлеп, кәсіпкерлер мен демалушыларға үлестірді. Онда коммуналдық мақсаттағы объектілерге жүргізілетін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, демалу және ас ішу бөлмелері, себезгі бөлмесі мен дәретхана тазалығы, қоқысты жинауға арналған контейнерлердің тұрғын үй ғимараттарынан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынанкөзделген талаптарға сәйкес қашықтықта орналасуы, тынығу орындары қызметкерлерінің міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтуі, күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету,  дезинфекциялау жүргізу тәртіптері, бассейндердегі судың уақытылы зарарсыздандырылып, (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру), ауыстырылуы туралыегжей-тегжейлі ақпараттарқамтылған.
Бүгінде Қызылорда  қалалық тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  басқармасында 5 спорттық-сауықтыру кешені  бақылауға алынған. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде 2019 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығына бекітілген кестеге сәйкесбірқатар сауықтыру кешендерінен барлығы 3 су үлгісі санитариялық-химиялық және 3 су үлгісі бактериологиялық зерттеуге алынып, зерттелді. Сәйкессіздіктер анықталған жоқ.. Мұндай тексеру жұмыстары басқа нысандарда да жалғасуда.
Тағы бір айта кететіні, қаладағы субұрқақтарға кішкентай балалар жиі шомылады. Субұрқақтар негізінен тек сән үшін әрі сол жердің ауасын тазалауға арналған. Бірақ, оны ешкім барып санитарлық тұрғыдан тазаламайды. Сондықтан субұрқақтарға шомылудың дұрыс еместігі, түрлі инфекциялық ауруларды жұқтыру көзі болуы мүмкін екендігі жөнінде қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
01 тамыз 2019 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 946 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам