Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

   Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тікелей тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласының  Тәуелсіздік  және  Сұлтан  Бейбарыс көшелері  мен  Орталық алаң аумағында  қоғамдық тәртіп пен жол  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету шаралары күшейтілген режимге көшіріліп, аталған аймақтарда полиция кешенді күштерімен  профилактикалық іс-шаралар  атқарылуда.
Бүгінгі күні Тәуелсіздік даңғылында тәулік бойында 2 автопатрульмен  және 20:00-ден 08:00-ге дейінгі уақыт аралығында 2 жаяу бағытпен,  С.Бейбарыс  көшесі тәулік бойы 1 автопатрульмен, Орталық  алаң  аумағы  тәулік бойы  1 автопатрульмен және 20:00-ден 08:00-ге дейін 1 жаяу бағыт пен 1 стационарлық  бекетпен   күшейтілген.
Осы аймақтарда спирт ішімдігін ішіп масаң күйде жүрген және жол жүрісі қағидаларын бұзған  азаматтар  анықталып, әкімшілік шаралар  көрілуде.  
Соңғы бір апта көлемінде спирттік ішімдік ішіп қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 7 азамат, жол жүрісі қағидаларын бұзғандары үшін 39 азамат  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылды.
Оның ішінде, өрескел құқық бұзушылықтары үшін немесе көлікті мас күйінде басқарудың 2 дерегі, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзғаны үшін яғни, көшені белгіленбеген орында қиып өтудің 17 дерегі анықталды.
Сондай-ақ, Набережная көшесі №1 үйдің жанында орналасқан  балалардың футбол ойын  алаңы  сол үйдің  тұрғындарының  сынына  ұшырап, түн мезгілінде балалардың шулап, тұрғындардың мазасын алу деректері орын алған болатын. Осыған орай, полиция нарядымен және учаскелік полиция инспекторларымен түнгі  сағат 23:00-ден кейінгі  футбол  және ойын  алаңының  тәртібі  күнделікті  қатаң  бақылауға алынды.


                                                              Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
02 тамыз 2019 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 925 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам