Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда Құрбан айт қай күнге белгіленді?

Қазақстанда Құрбан айт қай күнге белгіленді?

   2019 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге белгіленгені мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап. Құрбан айт тамыз айының 11-і күні басталады.
Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады..." делінген. Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы - уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

02 тамыз 2019 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 925 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам