Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Қызылорда: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

   ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиында Сыр имамдары қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындықтарын пысықтады.
Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмаларымен таныстырып, мұсылмандардың ұлы мерекесі - Құрбан айт мейрамының облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуін, құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуын, еттерінің мұқтаждарға толығымен таратылуын жүктеді.
Осы орайда, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова мереке алдында облыстағы қасапханалардың талаптарға сай жабдықталуы мен қасапшылардың оқыту семинарынан өтуін қадағалауды ескертті.
Сонымен қатар «Мектепке жол», «Ел үлесі пәтерге» республикалық қайырымдылық акцияларына облыстық имамдардың үлес қосуы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған аналарға барынша көмектесуді тапсырды.
06 тамыз 2019 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам