Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тарихи-танымдық сағаты өтті

Тарихи-танымдық сағаты өтті

        Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
        Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты  Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрі тағайындалған азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Өлке тарихы және Тәуелсіздік залында» тарихи-танымдық сағаты өткізілді.    
Музейдің, өткенін есте қалдыру, кейінгі ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеуде, жұртшылыққа тарихи-танымдылық, ағартушылық қызмет көрсетуде көрсететін қызметі ерекше екенін ескере отырып, Тарихи-танымдық сағатына Қармақшы аудандық пробация қызметі мен Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар қатыстырылды.
       Тарихи-танымдық сағаты барысында тарихы ғасырлар тереңінен сыр шертетін, тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге, ғасырлардан сыр суыртпақтап тұрған құнды мұраларға бай, табиғаты өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын өлке тарихы залындағы ауданның кешегісі мен бүгінгісі, Тәуелсіздік залының экспозициясымен таныстырылды.
        Пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандар,  өткен тарихымыздан, бабалар салып кеткен сара жолдан хабар беретін киелі орынға тағыда тамашалауға келетін ойларын білдірді.     
Жанмарат Кулунбетов
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің инспекторы
07 тамыз 2019 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 927 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам