Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Сіздермен кездесіп, тілдессем арманым жоқ": Индира Расылханға ота жасалып жатыр

"Сіздермен кездесіп, тілдессем арманым жоқ": Индира Расылханға ота жасалып жатыр

    Индира Расылханға ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Индира Расылхан өзінің қандай сынаққа болса да төзе білетінін де тілге тиек етті. Өнер иесі халықтан мен үшін адал ниеттеріңізбен дұға жасаңыздаршы деп өтінген болатын.
"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт. Аллама тапсырдым.
Біреуге жақсылық тілесең 100 есе өзіңе қайтарылады!" - дейді Индира Расыхан.
Ол ота жасатуға кетіп бара жатқандығы жайлы жазып, тыңдармандарын қатты жақсы көретінін жеткізген. Сонымен қатар, өнер иесі жақындарыммен қайта қауышуды нәсіп етсін деп тілек тіледі.
"Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Қазақ елі, шексіз махаббатым", - дейді Индира Расылхан.
Мұны көрген желідегі жұрт өнер иесіне отаның сәтті өтуіне тілектес екендерін жеткізген. Олар ақ ниеттерін байқатып, жарыса пікір қалдырды.  
07 тамыз 2019 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 925 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам