Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлеуметтік қорғау – басты назарда

Әлеуметтік қорғау – басты назарда

 Жалпы, кез келген қоғамның даму дең­гейін анықтайтын тетіктердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жа­салған жағдай мен қарым-қатынасты айтуға болады. Осы тұрғыдан келгенде аймақта ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар істеліп, көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Аймақтағы Талсуат кентіндегі №2 мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2012 жылы пайдалануға берілген болатын. Орталық сол уақыттан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде және мүгедектерге арналған оңалту орталығында арнайы барып, олардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар әлеуметтік нысанның жылу беру маусымына дайындығын саралады.
Бүгінгі таңда орталықта балалармен білікті мамандар жұмыс істейді.
Барлығы  219 қызметкер келушілердің жағдайын жасап, көңілдерінен шығып жүр. Ем алушыларға мұнда 100 стационар, 50 жартылай стационар қарастырылған.
Сондай-ақ ем алушы жас өрендер үшін барлық жағдай жасалған. Оларды жақсы күтіп баптаудың нәтижесінде республикалық өнер, спорт саласы бойынша түрлі жарыстарға қатысып, топ жарып жүрген бүлдіршіндер бар. Орталықтың жұмысын көрген аймақ басшысы балақайлардың толық ем алып, сауығуы үшін мекеме қызметкерлері аянбай еңбек етуі тиіс екендігін қадап айтты.
Сонымен қатар облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығын аралап көрді. Аталған нысан 2012 жылы салынып, ел иігіліне берілген.
Аймақ басшысымен пікір алысқан ем алушылар бұл жердегі жағдай жақсы екендігін жеткізді. Олар облыс әкіміне өз ұсыныстарын да білдірді. Мәселен  ғимарат ауласына спорт алаңын салу туралы өтінішін жеткізді.
Бүгінде мұнда 400 орынға арналған 380 стационар және 20 жартылай стационар жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандардың еңбек ұжы­мымен, ішкі жұмысымен танысқан облыс әкімі оң бағасын берді. Алайда ғимараттардың ауласын көгалдандыру жұмыстарына көңілі толмайтындығын атап өтті. Уақтылы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, ағаш отырғызып, көгалдандыру шараларын дұрыстап жүргізу қажет екенін баса айтты.
Айтолқын  АЙТЖАНОВА
13 тамыз 2019 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 476 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам