Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Журналистке нақтылық қажет

Журналистке нақтылық қажет

   Таяу Шығыс елдерінде болып жатқан соғыс мәселесін зерттеп, ондағы жапа шеккен бейбіт тұрғындардың тағдырын қаз-қалпында жеткізу кез келгеннің жүрегі дауаламайтын іс. Жас та болса әлемдік мәселені қоғам назарына ұсынып жүрген фототілші, халықаралық әскери корреспондент, саяси талдаушы Назгүл Кенжетай өңірімізге арнайы ат басын бұрды. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы жас журналистпен кездесу ұйымдастырды.
         Әлемдік журналистиакада өзіндік орны бар онымен кездесу барысында «Басылымдар мен әлеуметтік желілердегі діни экстремистік мазмұндағы материалдарға қарсы насихаттық ақпарат жариялаудың өзектілігі» тақырыбында ой қозғалды. Сириядағы соғыс жағдайы, босқындар мәселесі мен діни ахуал жайы сөз болды. Өзінің зерттеулері мен көрген-білгендері туралы Назгүл Кенжетай «Сенім жоғалған жерде жан дүниенің дүмпуі» болады дейді.
         – Қазіргі қоғамда арандатудың, соғыс жасаудың бір жолы – сеніміңді алу. Ол дінге де қатысты. Өкінішке қарай Араб елдерінде, Таяу Шығыста дін – ластанған дүниеге айналды. Бұл ислам дініне жағылған қара күйе. Дін мен саясаттың араласуынан осындай жайттар орын алуда. Бұдан тазару үшін бізге кемі елу жыл қажет, – деді ол.
         Сириядағы оқиғаны көзбен көрген батыл қыз оны зерттеу оңайға соқпағанын айтады. Сол себепті алдымен ішкі эмоцияға ерік бермей, оқиғаны объективті беруді көздеген. Оған қоса психологиялық дайындық жасаған екен. Соның нәтижесінде ол майдан алаңындағы көріністі нақты көрсете білді. Оның әзірлеген материалдарын шетелдік басылымдар жариялады.
         Кездесуде қазіргі журналистика саласындағы өзекті мәселелер, кәсіби шеберлік, ақпарат берудегі нақтылық туралы да кеңінен айтылды. Бүгінде жерлесіміз Еуропаның ақпарат агенттіктерінде түркиялық тілші ретінде штаттан тыс қызмет атқарады. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
Айдана СЕЙІЛ
13 тамыз 2019 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 927 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам