Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Балаға қуаныш сыйлаған

Балаға қуаныш сыйлаған

  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі қызметкерлері жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына ұйымдасқан түрде атсалысады.
Қайырымдылық акциясының басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау.
Осыған сәйкес, акция аясында мекеме қызметкерлерінен жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы ана Егізбаева Жанардың отбасына көмек көрсетілді. Өзі жұмыссыз, күйеуі мардымсыз айлыққа жұмыс жасайтын бұл жанұяның қазіргі халіне жанашырлық танытқан мекеме қызметкерлері отбасындағы  мектеп жасындағы 4 балаға оқу құралдары мен мектеп формаларын алып берді.
Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың анасы мекеме қызметкерлеріне өз алғысын жеткізді. Қолдың қысқалығынан 4 бірдей баланың құрал-жабдығын алуға мүмкіндігінің бола бермейтінін айтып ағынан жарылды.
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі
29 тамыз 2019 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 146 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам