Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ел ертеңі – білімді жастар

Ел ертеңі – білімді жастар


Статистикалық мәліметке сүйенсек, Сыр өңірінде 14 пен 28 жас аралығында 176 мыңнан астам азамат бар. Олардың 71 мыңнан астамы қалада, 104 мыңы ауылда тұрады. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 23 пайызды. Соңғы буын өкілдерінің 96800-і жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге олардың арасында жалдамалы қызметпен айналысатын және өз бетінше еңбекпен қамтылғандар да бар. Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды шамалап отыр. Бұл туралы жастар саясатының басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов баяндап берді.

Айта кету керек, біздің өңір елімізде алғашқы болып «NEET категориясындағы жастармен жұмыс жасаудың кезеңдік жоспары» мен «2021 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың жол картасын» қабылдады. Бүгінде ол көрсеткіш бойынша Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шымкент қаласынан кейін 5 сатыда тұр.
– Аймақтағы NEET санатына жататын жастар санының жылдық көрсеткіші төмендеп келе жатқаны байқалады. Көрсеткіштердің төмендеуіне NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша іс-шаралар жоспарының, облыс бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасының бекітіліп жүзеге асырылуы оң ықпалын тигізді, – деді Қауаныш Жанұзақов.
Белсенді жастар барлық салада бар. Олар өз саласында негізгі күшке айналып келеді. Бір қуанарлығы, олар белсенді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олар елді, Отанды дамытуға, жаңаша ойлап, заманауи бастамалар көтеруге назар аударуы тиіс. Биылғы «Жастар жылы» аясында жүзеге асқан жаңа жоба – сол жағалауда орналасқан «Жастар ресурстық орталығы». Аталмыш орталық жастардың өздерін дамытуға жаңа мүмкіндік беруде. Мұнда уақытты тиімді өткізуге болады. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 250-300 адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, IT-park, антикафе, интернет кітапхана, коворкинг, продюсерлік орталықтар, мәжіліс залы, 300 орындық акт, жаттығу залдары, психологиялық, медициналық кеңес беру кабинеттері облыс басшысылығының тапсырмасымен тәулік бойы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен «ZhasProject» жобасы аясында облыста 266 жоба қолдау тауып, 900-ге жуық жастар жұмысқа орналасқан.
Сыр өңірі жастарына арналған жаңа стартап жоба қолға алынып отыр.
«Kyzylorda Business Hub» деп аталатын байқау өз ісін жүргізуге 16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге зор мүмкіндік береді. Олар сол арқылы өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Жоба авторы Жандос Оразмаханов байқау арқылы жастардың кәсіпкерлік сана және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, беделді кәсіпкерлерден сабақ алу және бірлесе жұмыс
жасау, жобаға ақшалай сыйақылар және инвесторлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
– Байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы айналымда StartUp-Weekend бойынша облыстың барлық ауданнан 400-ден астам қатысушы арасынан іріктеу жүреді. Екінші кезеңде Camp-work бағытында жартылай финалға іріктелген 80 қатысушылармен бизнес лагерь ұйымдастырылады. Ал үшінші 3 кезеңде, яғни финалда үздік 20 жоба арасындағы жеңімпаздарды анықталып, олар инвесторлық қолдау көрсетіледі, – дейді жоба авторы.
Айта кетейік, жоба жеңімпаздарына І орынға 500 мың, ІІ орынға 250 мың теңге, ІІІ орынға 150 мың теңге табысталады. Байқауға қатысу үшін www.kyzylordahub.kz сайтына кіріп, өтінім жолдау керек.
Үстіміздегі жылы Ресей Федерация Үкіметінің бюджеті есебінен Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғарғы оқу орындарына 47 түлек оқуға түскен. Қазіргі таңда 358 студент білім алуда. Бүгінге дейін 107 түлек диплом алған.
– Ресейде білім алып, елге оралған түлектердің 23-і жергілікті кәсіпорын емес мекемелерге тұрақты жұмысқа қабылданып отыр. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап 6800 оқушы қоғамдық көлікте тегін жүреді. Игі бастама ел Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі негізінде қолға алынып отыр. Ол бойынша қалаішілік автобустарда мына санаттағы оқушылар тегін қатынай алады – деді, Қуаныш Жанұзақов.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ
03 қыркүйек 2019 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 839 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам