Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қоғамдық орында тамақтанғанда сақ болған жөн 

Қоғамдық орында тамақтанғанда сақ болған жөн 

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық тамақтану орындарына салауатты және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Мұндағы мақсат тағамнан жаппай уланулардың алдын алуда салауатты және қауіпсіз тамақтану тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.
Аталмыш шараға өнеркәсіп нысандарының технолог мамандары, асхана қызметкерлері арнайы шақырылды. Семинарда микронутриентті аурулардың алдын алуда қажетті витаминді-минералдармен байытылған (фортификацияланған) ұнды тағам рационына қолданудың қажеттілігі мен артықшылықтары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға тиіс тамақ өнімдерін байыту қағидалары, қоғамдық орындарда дұрыс тамақтануды ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілерін, жабдықтарды күтіп-ұстау, пайдалану, тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу және кәдеге жарату жағдайлары, тұтыну қалдықтарын жинау және сақтау, өндірістік бақылауды жүзеге асырудың маңыздылығы, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, персоналды медициналық қамтамасыз етуге және гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар берілді, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген талаптар түсіндірілді, маман кеңестері берілді.
Бұдан бөлек, Департамент тарапынан 2019 жылдың 6 айында тауарлардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесі, анықталған сәйкессіздіктер, оларды жою бойынша атқарылған жұмыс барысы баяндалды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан улануларды болдырмас үшін қауіпсіз әрі сапалы тағам таңдау, дайындау бойынша маман кеңестері берілді.
04 қыркүйек 2019 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам