Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тереңөзекте жас ұрпаққа атқа міну мәдениеті дәріптелді

Тереңөзекте жас ұрпаққа атқа міну мәдениеті дәріптелді

   Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде «Атқа міну мәдениеті» атты тағылымды шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәдени шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылды.
Ұлттық өнерді ұлықтаған шара аудандық ардагерлер кеңесі және «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен аудан орталығындағы мәдени-демалыс паркінде өткізілді. Аталмыш шара барысында ат әбзелдерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде жас ұрпаққа облысқа белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаев тағылымды әңгіме айтты. Ол әр жылдарда сәйгүлік жаратқанда тұтынған әбзелдері жайында сыр шертті. Сондай-ақ, ауданға танымал ұста Сәйділда Сәдуақасов шабандоздар үшін соққан мүліктері туралы ой қозғаса, жергілікті қолөнерші Салтанат Мамытаеваның жасаған әбзелдері көрмеге қойылды.Рухани жаңғыруға арналған ізгі шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы ашып, атқа міну мәдениетінің қыр-сырына тоқталды.  
Көрмеге қойылған құранды ердің түр-түрі, өмілдірік, құйысқан, аттың мойнына тағатын алқа тағы басқалар көз жауын алады. Белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаев коллекциясында XVIII ғасырда жасалған антиквариат саналатын ер де бар. Қ.Жаппасбаев баптаған аттар талай дүлділді жарыста бас бәйгені жеңіп алды. Аймаққа танымал атбегі өзі тұтынған әбзелдерді көздің қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізген. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын қызылордалық оқушылар Қорқыт ата кешеніне барғанын хабарлаған едік.
09 қыркүйек 2019 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам