Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

Кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

   Қызылордалық полицейлер кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 6 күдіктіні қолға түсірді.
«Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бірлесе жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға күдікті 6 адам ұсталды. Күдіктілер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардан айғақ заттар алынды. Ұсталған қылмыскерлер - 20-25 жас шамасында, тұрақты жұмысы жоқ және бұрын сотты болған азаматтар», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Еске салсақ, осыдан екі аптадай бұрын бетперде киген белгісіз азаматтар кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қарақшылар кәсіпкерді ұрып-соғып, оның үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлікті қолды етті.  
10 қыркүйек 2019 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1615)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 437 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам