Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елтаңба авторы жаңақорғандықтарға бағалы сыйлық тарту етті

Елтаңба авторы жаңақорғандықтарға бағалы сыйлық тарту етті

    ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков туған жері - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Екпінді ауылына арнайы келді. Белгілі азамат өз жерлестеріне бағалы сыйлықтарды тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
   Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып келеді. Онда Тұңғыш Президент - Елбасы «туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын. Белгілі азамат туған ауылының гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне атсалысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ауыл орталығынан мешіт үйін салуға көңіл бөлді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына өзге де сый-сияпатын жасап келеді. Жерлестерімен жүздесу барысында Жандарбек Мәлібеков жаңа үлгіде жасалған Елтаңбаны ауыл әкіміне табыстады. Сондай-ақ, қажетті кітаптарды ауылдағы мешіт, мектеп, кітапхана ұжымына тарту етті. «Әркімге туған жері ыстық. Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген жеріне кіндігімен байланады. «Туған жер» деген қасиетті ұғымды төбемізге қойып, қастерлейтініміз де сондықтан», деді Жандарбек Мәлібеков жерлестерімен жүздесу барысында.



10 қыркүйек 2019 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (1616)

25 ақпан 2020 ж.

№14 (1615)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам