Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Танымал әнші Парвиз Назаровтың отбасында қайғылы жағдай орын алды.

Танымал әнші Парвиз Назаровтың отбасында қайғылы жағдай орын алды.

Әнші Парвиз Назаровтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің әжесі дүние салған. Әнші желіде марқұм әжесіне жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Парвиз Назаров Facebook-парақшасында марқұм әжесіне жазба арнап, ыстық естеліктерімен бөлісті.
«Бүгін мен Нанек деп атайтын әжем өмірден озды. Ол мені сәби күнімнен бағып-қақты. Мен оның жанында махаббат пен қамқорлыққа бөленіп өстім. Ол мені алғаш рет балабақшаға, музыка мектебінің бірінші сыныбына алып барды», - деп жазды Назаров.
Сонымен қатар әнші әжесінің өз өміріне әсері туралы сөз қозғады. Айтуынша, оның Ленинградқа оқуға түсуіне әжесі түрткі болған. Парвиз еш қымсынбастан, өзін «нағыз әжесінің немересі» деп атады.
«Бүгінде менің әрекеттерімде, ойымда, ісімде, жан-жүрегімде бар нәрсенің бәрі – әжемнің еңбегі, оның аналық қамқорлығы мен махаббаты. Оның теңіздей терең аналық қамқорлығы мен махаббатында немерелері, балалары, таныстары, құрбылары, көршілері, бәріміз шомылдық. Оның ішкі қуаты барлығын тартып тұратын. Мұндай қуат әр анада болуы тиіс», - дейді әнші.
Сондай-ақ, Парвиз әжесінің күш-қуатына тамсанатынын жасырмады. Ол барлық баласы мен немересін өсіріп-жеткізіп, лайықты тәрбие берді, дейді. Әжесі әншінің кез келген бастамасын қолдап, жеңістеріне қуанған.
«Тұтас бір дәуір өтіп кеткен сияқты сезімдемін... Жан-дүнием босап қалды... Бір бөлігімді алып кеткен сияқты... Оның орнын қалай толтыратынымды білмеймін», - дейді Парвиз Назаров.

10 қыркүйек 2019 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам