Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Біз алты ай бойы күрестік». Маржан Арапбаева қиын күндері туралы айтты

«Біз алты ай бойы күрестік». Маржан Арапбаева қиын күндері туралы айтты

Маржан Арапбаева анасының ауырғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Танымал өнер иесінің анасы жаман ауырудан алпыс жасқа қараған шағында дүниеден озған. Бұл туралы әншінің өзі айтып берді. Маржан Арапбаева дәрігерлердің қандай диагноз қойғанын жеткізіп, анасының өмірге деген құштарлығы жайлы баяндаған.
"Миында жеті жерден ісік болған. Бізге дәрігерлер "Дайындалыңдар, сендерді танымай қалатын кездері болады" деді. Біз мұны күттік. Бірақ, көз жұмғанша бәрімізді танып, біліп, қалжыңдап, ойнап кетті. "Қызым, көзімді ашсам әлі тірі екенмін ғой. Жақсы болды ғой, тағы да бір күн өмір сүретін болдым" дегендей позитивпен қарайтын. Бірақ уақытты кішкене шатыстырып жүрді", - дейді Маржан Арапбаева.
Әнші анасы ауырған кездері жанында болып, емдегенін есіне түсірген. Артынша өнер иесі өзінің қаншалықты анасына ұқсайтыны туралы айтып, ағынан жарылды.
"Біз алты ай бойы күрестік. Мамамыздың жанында болдық. Мен тіпті медбике болып кеттім. Мен аумаған анаммын. Алты баланың ішінде тек қана мен анама ұқсағанмын", - дейді Маржан Арапбаева.
10 қыркүйек 2019 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам