Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайраттың келіншегі өнер иесіне әншіліктен бөлек әке болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Қайраттың келіншегі өнер иесіне әншіліктен бөлек әке болудың қаншалықты қиын екенін айтты

 Қайраттың келіншегі әншінің бала тәрбиесіне қаншалықты мән беретіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба қалдырып, әншінің балалары туралы айтып берді.
  Ол перзенттерінің әкелерін тек ақша тауып, материалдық жағдайын жасайтын адам ретінде емес, әке ретінде бағалағанын қалайтынын айтты. Жұлдыз ханымның сөзінше бұл тікелей әйел адамға байланысты.
Жұлдыз Әбдікәрімова әкесін бағаламайтын отбасылардың барын да тілге тиек етіп, бала тәрбиесінде әкенің рөлі қаншалықты маңызды екенін айтты.
  "Кішісі үлкеніне қарап бой түзеп ұлымыз да, қызымыз да өсіп келеді. Қайрат үнемі сыртта жүретіндіктен балаларымыз одан тек материалдық көмек алуға болады деп түсінбесе екен деймін. Сол үшін әке мен бала арасындағы тәрбие мен байланысты нығайту үшін көп күш салу менің міндетім екенін білемін. Әкенің айтқаны бұлжытпас бұйрық болатын да немесе былжырақ сұйық болатын да отбасы бар. Оның бәрі әйелден. Сондықтан әке тәрбиесіне, бала тәліміне ауқымырақ қарап, мән беруге тырысып келемін. Бір әкенің тәрбиесін жүз мектептің бере алмайтыны және бар", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
  Қайраттың келіншегі өнер иесіне әнші болудан бөлек әке болу қаншалықты қиынға түсетінін жеткізген. Ұрпағына тәрбие беру бірінші орында болғандықтан әкесі мен балалардың арасын жалғап, жақсысын асырып, жаманын жасырып отырамын дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
  "Осының бәрін ой елегінен өткізе кеп, Қайратқа әнші болу қандай өнер, үлкен еңбек болса, әке болу одан да үлкен жауапты іс екенін айтып отырамын. Ұрпағымыздың саналы, салиқалы, парасатты, білімді, тәрбиелі болғанын қатты қалаймын. Сол үшін де мен олардың арасындағы жіппін. Кез келген тоғысу нүктесі анасы арқылы өтеді. Әке мен баланың арасындағы байланыстың тігісін жатқызып, жұмсартып отыруға тырысамын", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

10 қыркүйек 2019 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам