Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Александр Винокуровты 5 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

Александр Винокуровты 5 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

Бельгия прокуратурасы қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневты жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгінде спортшыларға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша іс қаралып жатыр. Сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшылар 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында келісіп алған деп айыпталды.
10 қыркүйекте мемлекеттік айыптаушы оларды 6 айға бас бостандығынан айырып, Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салып, оның банктегі есепшотынан 150 мың еуро тәркілеуді сұрады.
Льеж соты үкімнің 8 қазанда шығатынын мәлімдеді.
Бұған дейін БАҚ-та Винокуровтың ресейлік спортшыға мәреде берілгені үшін 150 мың еуро бергені туралы хабарланған еді. Алайда екі спортшы да аталған ақпаратты жоққа шығарды.
Колобнев 2017 жылдың басында карьерасын тәмамдаған. Ал Винокуров бүгінгі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері болып табылады.
Таяуда Александр Винокуров Францияда өткен Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.

11 қыркүйек 2019 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 894 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам