Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Әр жүректе – туған жер!» патриоттық ән арт-фестивалі өткізілді

«Әр жүректе – туған жер!» патриоттық ән арт-фестивалі өткізілді

Қызылордада «Әр жүректе – туған жер!» патриоттық ән арт-фестивалі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фестивальға 5 облыс және Нұр-Сұлтан қаласынан келген жас қызметкерлер конкурстық бағдарламаға сәйкес өнерін жоғары деңгейде көрсетті.
Композиторлар, вокалдық шеберлік оқытушылары, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлері қатарынан құрылған қазылар алқасы әншілік шеберлікке, таңдаған туындының мазмұнына, сахна мәдениетін ұстауына қарап байқауға қатысушыларға баға берді. Қазылар алқасының шешімімен дуэт номинациясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орындарды Қызылорда облысы полиция департаменті және Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы алды. Трио номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан Қызылорда облысының полиция департаменті көрінді. Ал Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті иеленді. Квартет номинациясында Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының полиция департаменттері үздік деп танылды. Мұндай фестиваль Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында өтті. Фестиваль жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласында 2019 жылы 14-16 қазанда өтетін республикалық қорытынды фестивальға қатысады.



11 қыркүйек 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам