Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлер екі мемлекеттік университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қызылордалық полицейлер екі мемлекеттік университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қызылордалық полицейлер Ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласында екі мемлекеттік университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізілуде. Оның нәтижесінде полиция оқу орындарының саны 5-ке дейін қысқартылды.
Қалған Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты мен ІІМ Шымкент Оқу орталығы базасында кандидаттарды азаматтық жоғары оқу орындарының түлектері қатарынан ішкі істер органдарына қатарына полиция курстары (алғашқы даярлық) бойынша оқыту, сонымен қатар қызметтегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өткізу жоспарланып отыр.
Осыған байланысты, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университетінің мамандарды даярлау деңгейінің жоғары болуы ескеріліп, ағымдағы жылдың тамыз айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.Ж.Әбдікәрімовпен ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылған болатын.
Ал бүгін, Қызылорда облысының Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Манарбек Есжанов пен «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбековтың тікелей қатысуымен ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қою рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Айта кетерлігі, 28.12.2018 жылы Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында «Құқықтану» мамандығының студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу мәселесіне қатысты өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы меморандум шектеусіз мерзімге жасалынып, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында Қызылорда қаласының Полиция басқармасында 40 студент өндірістік тәжірибеден өтті.










12 қыркүйек 2019 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам