Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұзақ уақыт бойы отыру ағзаның қатерлі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады

Ұзақ уақыт бойы отыру ағзаның қатерлі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады

Адамның дені сау болуының кем дегенде 75 проценті ұстанатын өмір салтына байланысты. Ұзақ уақыт бойы отыру ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Канадалық ғалымдардың зерттеу нәтижесі ұзақ отырған адамдарда ішек, омырау, өкпе және қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін дәлелдеді. Сондықтан мамандар ара-тұра гимнастика жасауды ұмытпауға кеңес береді. Сондай-ақ, жағымсыз әдет қатарында жануар ақуызы бар өнімдерді жиі тұтыну да еніп отыр. Оған ет, ірімшік өнімдері жатады. Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары жануар ақуызы бар тағамды көп жейтіндер өзгелерге қарағанда қатерлі ісіктен төрт есе жиі көз жұматынын дәлелдеді. Газ плитаны қолдану да қауіпті болып шықты. Өйткені көміртек тотығы, азоттың қостотығы және формальдегид бөлінеді. Бұл темекі шегумен бірдей. Сондай-ақ, дәрігерлер дәретханаға гаджетпен бірге бармау керек екенін айтады. Қолында смартфоны бар адам, байқамай, ұзақ уақыт бойы отыра береді. Сондықтан жамбас қуысына салмақ түседі. Салдарынан түрлі жарық ауруы (грыжа), ішектің қабынуы, тіпті жүрек ұстамасы болуы мүмкін.
www.ktk.kz

12 қыркүйек 2019 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам