Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мектептегі тыйымдар

Мектептегі тыйымдар

Бір үйдің отбасылық дәстүрі не ережесі екінші жанұяға тәжірибе сынды. Сол секілді өзге елдің өмір салты біз үшін сабақ аларлықтай үлгі бола алса, тәжірибеде сынап көруге неге болмасқа?!
Қызыл сия. Ұлыбританияның кей мектептерінде мұғалімдергі оқушы дәптеріне қызыл сиямен ескерту жазуға тыйым салынған. Мұның астарында бұл бояу оқушының көңіл күйіне кері әсер етіп, оқуға деген ынтасын жояды және қызыл түсті жек көріп кетуі мүмкін деген пайым бар. Мұғалімдер қазір тек қара не қою көк «эмоционалды бейтарап» түсті сиямен бағалайтын болған.
Түскі ас. Әдетте америкалық мектептерде үйден ала келген түскі асқа түсіністікпен қарайды. 2011 жылы Little Village академеиясының ұжымы үйден әкелінген түскі асқа тыйым салынған. Мұны дирекция «кей ата-аналар бутерброд түгілі, бір үзім нан бере алмайды, бәріне бірдей тамақ үлестіреміз» деп түсіндіреді.
Қауіпті ойындар. АҚШ-тың кей штаттарында бастауыш сыныпта оқушылар бір-бірімен жарысып ойнамайды. Оқушы өміріне қауіпті деп саналатын футбол, соккер, қуаласпақ деген ойындарды мектеп ауласында ойнауға тыйым салынған.
Хэллоуин. Пенсильванияда 2013 жылдан бастап ата-аналар Хэллоуин мерекесін тойлауға тыйым салған екен. 31 қазан күні балаларын сабаққа жібермейтін ата-аналар да бар-мыс.
Тар джинс шалбары. 2009 жылдан бастап техастық бір мектепте тар джинс шалбарларын киюге рұқсат берілмеген. Сонымен қатар, жолақты және тор көзді жейде киіп келген оқушыны мектепке кіргізбейді. Кей ата-аналар бұл ереженің мәнін түсіне алмағандықтан, балаларын басқа мектепке ауыстырыпты.
Достар. Лондонның Thomas's Private Day мектебінде 4-10 жас аралығындағы оқушыларға бір-ақ адаммен достасуға тыйым салынған. Мектеп психологтары «Жан досым» деп бір баламен дос болу баланың психологиясына кері әсерін тигезеді деп түсіндіреді.
Том сойер. Кітап оқу өте пайдалы. Десек те, оң-солын танымаған балаға оқитын кітапты таңдап беру керек. 1870 жылы – құл иелену кезінде жазылған «Том Сойердің басынан кешкендері», сатиралы «Фаренгейт бойынша 451 градус» және ғажайыпқа толы «Гарри Поттер» шығармаларын АҚШ-тың кей мектептерінде оқу бағдарламасына енбеуін қадағалайды.
Толстовка. Канзастың мектептерінде толстовка киюге рұқсат берілмеген. Себебі оқушылар алдыңғы қалтасына ұялы телефон салып, пернетақтаға қарамастан сабақ үстінде бір-біріне жиі хабарлама жазып отыратыны анықталған. Сонымен қатар, қалтасы бар киім киіп келуге, гаджет алып келуге тыйым салынған.
Өзін-өзі қорғау. АҚШ-тың көптеген мемлекеттік мектептерінде физикалық тұрғыда өз-өзін қорғауға тыйым салынған. Бұзақы тарап пен жәбір көруші тарап бір-біріне күш жұмсаса, екеуі де жазаланады, ал егер жәбір көруші аяғын тартса, әділет алдында жеңеді.


13 қыркүйек 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам