Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Балаға «р» әрпін қалай үйретеміз?

Балаға «р» әрпін қалай үйретеміз?

Баласының болашағына алаңдайтын кез келген ата-ана оның кей әріптерді дұрыс айтпайтынына уайымдайды. Балалардың көпшілігіне "р" әрпін айту қиынға соғады. Егер сәби үш жасқа дейін "р"-ға тілі келмесе, қалыпты жағдай саналады. Бұл әлі баланың көмейі толық дамымауына байланысты, бұл жерде тіпті тістің де дамуы зор рөл атқарады. Ал егер үш жастан асса да, әлі күнге "р" әрпін дұрыс айта алмаса, онда логопед маманның көмегіне жүгіну керек.
  Логопед баланың қай әріпті не үшін дұрыс айта алмайтынын ата-анаға түсіндіріп, әр баламен жеке жұмыс істейді. Бірақ кейбір бала тіліндегі мүкісі үшін дәріргерге баруға арлануы мүмкін. Сондықтан оған бармас бұрын тілді түзетудің тиімді тәсілдерін қарастырып көріңіз.      Баламен бірге ойнаңыз, ойын шарты бірнеше жаңылтпаш жаттау, көңілді тақпақтар айту. Бала осыны күніне кем дегенде 5 минуттан қайталауы керек. Бала тақпақтарды айтқан кезде сіз басқа іске алаңдамай, оны мұқият тыңдап, көңіл бөліңіз.
  Балаға "ыр-р-р" деп барыс секілді ырылдауды үйретіңіз. Бұл ойын оған ұнайды. Сөйлейтін не барыстың дауысын шығаратын ойыншық сатып алсаңыз да болады. Балаға бір әріпке қарағанда, "тыр", "дыр" деген секілді әріп тіркесін айту оңайырақ. "Трактор" сөзінен бастауға болады, трактор қайтеді? Др-др-др.
  "Ырылдаумен" және тақпақтатумен қатар, артикуляциялық гимнастиканы да қатар алып жүріңіз. Басты шарты – мерзімділік, күн құрғатпай кем дегенде 15 минуттан айналысып отыру керек, әйтпесе нәтиже болмайды. Баланы айнаның алдына жайғастырыңыз, ол өзінің қалай және не істеп отырғанын толық көруі тиіс. Жаттығуларды өзіңіз ақырын көрсетіп, баппен үйретіңіз.
1-жаттығу. Бала (не анасы) үлкен саусағын тілінің астына қойып, оңға, солға тілін бұру керек.
2-жаттығу. Балаға тілін тарсылдатуды үйретіңіз. Аттар секіріп, тұяғымен тарпыған секілді дыбыс шығуы керек.
3-жаттығу. Күлген тәрізді ерінді созамыз да, тілдің ұшымен тістің алдыңғы бөлігін жалап шығамыз.
4-жаттығу. Баланың сүйікті шырынын құйып беріңіз де, оны мысық секілді жалап ішуін қадағалаңыз.
Осы жаттығудың барлығын баламен бірге отырып жасаңыз, үзбей орындасаңыз, өте жақсы нәтиже береді. Егер біреуін дұрыс істемесе ұрыспаңыз. Барынша сабыр сақтап, бала барлығын толықтай үйреніп алғанша шыдауыңыз керек.


13 қыркүйек 2019 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам