Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Бастарыңызға берсін» Қарақат Әбілдина неге өкпелі?

«Бастарыңызға берсін» Қарақат Әбілдина неге өкпелі?

Қарақат Әбілдина оқырмандарына өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер жұлдызы желідегі парақшасында жазба қалдырып, ауызын айтып сынап жатқан оқырмандарына қатысты пікір білдірді. Тістерін түзету үшін арнайы темір тағып, сегіз ай бойы күлмей жүргенін айтып берді ол. Осылайша ағынан жарылған Әбілдина денсаулығының бірінші орында екенін жеткізген. Соған қарағанда әнші жұрттың артық ауыз сөзіне мән бермеуді жөн көрген секілді.
"Менің ауызыммен алысқан оқырмандарыма не десем екен? Бастарыңызға берсін. Тістеріңіз түп-түзу, әдемі болады. Бұл жағдайды брекет салғандар ғана жақсы түсінеді. Аузымды ашып күлмегеніме де сегіз ай болыпты ғой. Недеген сабыр деймін-ау. Шынымды айтсам, бұртиып жүргеннен өзім де шаршап кеттім. Бірақ қайтеміз енді аз қалды, шыдау керек. Сондықтан артық кетпейік. Қалай болғанда да денсаулық бірінші орында", - дейді Қарақат Әбілдина.
Осылайша әнші жұртқа назын айтып, жақын арада темірін шешетінін жеткізді. Өнер иесін қазір тісінің түзулігі алаңдататын көрінеді.

13 қыркүйек 2019 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам