Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қос боксшыны қызылордалықтар қошеметпен күтіп алды

Қос боксшыны қызылордалықтар қошеметпен күтіп алды

   Қызылордалықтар бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахметті салтанатты түрде күтіп алды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.
Қорқыт ата əуежайына қос боксшының туыстары, жанкүйерлер, спортшылар, жаттықтырушылар жəне спорт саласының қызметкерлері жиналды.
"Олимп шыңында күміс медальдарымды алтынға ауыстырамын. Шаршы алаңға шыққанда халқымның қолдауын сезіндім. Маған жанкүйер болған барша қазақстандықтарға, Сыр  халқына алғыс білдіремін", - деді Қамшыбек.
Жақында ғана Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Əлем чемпионаты өткен болатын.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен 3-орынды иеленді.
Бұл сында Сыр спортшылары Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) қола жүлделерді еншіледі.

24 қыркүйек 2019 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам