Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 6 жылда кәсіпкерлер 3 млрд-қа жуық қаржыны сақтап қалды

6 жылда кәсіпкерлер 3 млрд-қа жуық қаржыны сақтап қалды

 Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде айтты.
«Палата құрылған сәттен, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1259  өтініш түсті», - деген Ғалымбек Жақсылықов орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызында оң шешімге қол жеткізтіндігін жеткізді.
«Сонымен қатар, Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд. 96 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Аталған сомма күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б.  құралып отыр», - деді Палата директоры.
Айта кету керек, осы жылдың 8 айының өзінде бизнесті қорғау бойынша 203 өтініш түсті. Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің  30  пайызында  оң шешімге қол жеткізе алды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 195 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды.
Биылғы жылы түскен өтініштердің құрылымына жасалған талдау 15 пайызы сатып алуларға, 14 пайызы сәулет-құрылыс саласына, 12 пайызы салық, 11 пайызы жер қатынастары салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты екенін көрсетіп отыр.
Бір ғана 2018 жылдың өзінде Палатаның бастамасымен азаматтарға кәсібін жүргізуге кедергі жасаған  19 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2019 жылдың 8 айында облыстың 9 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, 5 жыл ішінде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 29 отырысы өткізілген. Отырыстарда 73 жүйелі мәселе қаралып, оның 58-сы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде  800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

24 қыркүйек 2019 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 076 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам