Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек

Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек

   Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасы аясында 5 негізгі норманы енгізу көзделіп отыр. Бірінші – отандық баспасөз, БАҚ үшін салықтық жеңілдіктер. Екінші – мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру. Үшінші – отандық БАҚ-та сыра мен шараптың сауда белгісіне немесе атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау. Төртінші - мемлекеттік қатысы бар телерадиоарналар үшін хабар тарату тілін анықтауда өкілетті органның құзіретін бекіту. Соңғысы – ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнаманы жетілдіру», - деді ол Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында. Оның атап өтуінше, газет пен журналдар үшін 2021 жылдан бастап 10 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен қосылған құн салығын енгізу көзделеді. Мұндай жеңілдік басылымның міндетті түрде онлайн-нұсқасы болған кезде ғана ұсынылады. «Сонымен қатар заң жобасында Қазақстан аумағында шығарылған сыра мен шараптың тауарлық белгісі мен атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау ұсынылады. Бұл Интернет желісі мен шетелдік кабельдік телеарналарды мұндай жарнаманың орналастыруымен, ал қазақстандық БАҚ бұл кірісі көзінен айрылып отырғанымен байланысты. Бұл сусындардың жарнамасы газеттердің бірінші және соңғы беттеріне, журналдардың мұқабасына жарияланбауы тиіс. Телеарналар үшін мұндай жарнама сағат 22-00-ден 06-00-ге дейін ғана рұқсат етіледі», - деді Бақнияз Қарашина. Департамент басшысының айтуынша, мұндай жарнамалардың алкоголь өнімдерін шамадан тыс ішудің зияны туралы міндетті ескертуі болады. Сонымен қатар сыра мен шарап жарнамасынан кейін іле-шала салауаты өмір салтын насихаттан роликтер көрсетіледі.
29 қыркүйек 2019 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (1596)

14 желтоқсан 2019 ж.

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам