Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында мыңнан астам мүгедек жанға небәрі 15 инватакси қызмет етеді

Қызылорда облысында мыңнан астам мүгедек жанға небәрі 15 инватакси қызмет етеді

 Қызылорда облысында мүгедектерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі 40%-ке  артқанымен бір мың үш жүз сырбойылық қамқорлықтан шет қалған. 
Мәселен, протездік-ортопедиялық көмек алуға жүгінген 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның 400-дейі аталған медициналық құралмен қамтылмаған. Прокурорлар қағаз жүзінде бәріне жеткізілгені жөнінде есеп берілгенін анықтап отыр.
Ал екі балаға ересек адамдарға арналған арба берілген. Жаңақорған ауданында мүгедектердің 154 жеке көмекшілеріне қызмет ақылары бұрынғы коэффициентпен төленіп келген. Жалпы облыс бойынша 30 мың мүгедек бар, оның 7 мыңдайы бала. Осы ретте үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер толықтай курстан өткізілмеген.
Мәселен, жаңақорғандық педагогтардың тек 25 проценті, ал Жалағашта инклюзивті білім беру саласы бойынша бірде-бір мұғалім арнайы оқу курсын аяқтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар өңірде инватакси қызметі де жүйелі ұйымдастырылмай отыр.  
Нұркен Тұрғанбай, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
- Жалпы бізде 1048 мүгедекке небәрі 15 инватакси қызмет көрсетеді. 1 жылда мүгедектерден 16 мыңға жуық сұраныс түседі. Әрине ол жеткіліксіз. Оның өзінде 15 таксидің 8-і мүгедектерді тасымалдауға бейімделмеген. Яғни арбамен жүретін мүгедектерді көтеріп отырғызуға автокөлік мүлде бейімделмеген. Осындай қиындық проблема туындап отыр. Біз облыс әкімінің алдында осы мәселені көтердік.
30 қыркүйек 2019 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам