Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұмауға қарсы екпе басталады

Тұмауға қарсы екпе басталады

   Жыл сайын ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмониялар) эпидемиологиялық қадағалауәдетте 1 қазаннан бастап 1 желтоқсан аралығындағы эпидемия алдындағы кезеңдерде және 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуір аралығындағы эпидемиялық маусымда жүргізіледі.
Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында қазан айының 1 жұлдызынана бастап апталық, желтоқсан айының 1  жұлдызынан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық  инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану жағдайына және Қазақстандағы, сонымен бірге шетелдегі тұмау вирусының айналымына күн сайынғы мониторинг жүргізіледі. 
Облыс көлемінде өткен 2019-2020жж. эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал  тұрақты деп сипатталды. Соңғы 3 жылдың эпидмаусымдарын салыстырғанда  аурушаңдық көрсеткіштер  апталық бақылау деңгейлерінен арту анықталған жоқ.
2019 жылдың 8 айында  облыс көлемінде  жедел респираторлы вирусты инфекциясының 10881 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 1400,27  құрады.
ЖРВИ мен тұмау ауруының 2018-2019жж. эпидмаусымында   Қызылорда облысында  тұмау ауруының 145  жағдайы нақтыланды. Науқастардың 100 процентітұмау вирусының  А түріне шалдыққан, атап айтқанда А(H3N2) бойынша -77жағдай,А(H1N1) бойынша-68жағдай.
Облыс көлемінде 2018-2019 жж. эпидмаусымында жедел респираторлы вирусты инфекциясының  ауыр ағымдағы  104 науқастың сынамасы  ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде 34 сынамада тұмау емес вирустар анықталды, оның ішінде  басым көпшілігі немесе 41,1% (14 жағдай) аденовирустар  үлесінде, 23,5% (8 жағдай)  риновирус,  8,8% парагрипп  (3),   17,6% (6) РСВ  және 5,8% бокавирус (2) пен  2,9% (1) короновирустың үлесінде болды. 
ДДСҰ-мен берілген кеңесін негізге ала отырып, тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алуға  қаражат бөлінеді.  2018-2019  жж. эпидмаусымға бөлінген қаражат көлемі   66,5 млн. құраса, 2019-2020 жж.эпидмаусымына  қаражат көлемі  69,7 млн.теңгеге дейін көбейді (80000 доза вакцина).
 ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.03.2018 жылғы №126 бұйрығымен бекітілген егілуге тиісті контингетттерді (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша)егу үстіміздегі жылдың қазан айының 1 жұлдызынан  бастап  жергілікті емханаларда жүргізіледі.   Бүгінгі таңда тұмауға қарсы екпелерді жүргізуге  Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы пайдаланылады. Вакциналық препараттың құрамына қосылған «Полиоксидоний»иммуномодуляторының арқасында иммунофармакологиялық әсері күшейе түскен.  Иммундық статустың түзілуі арқасында  ағзаның  басқа жұқпаларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ол ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Ерекше емес профилактика ретінде иммундық түзетуші препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және басқалары), поливитаминдер қолданылады.
Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет. 
Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек.
Науқас үйде болғанда оны оқшаулап,  бөлменің ауасын  жиі желдетіп, ылғалды тазалау шараларын жүргізу керек.
 Арнайы бақылау адам қолы күнделікті мұрын мен көздің бөліндісімен, сілекеймен 300 ретке дейін жанасатынын көрсетті, сондықтан тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі, әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды  сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі және мұқият жуу болып табылады. Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында  С витамині бар ашытылған қырыққабат, цитрус сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, ең жиі кездесетін тұмау ауруының асқынуы – пневмония ауруы, өлім жағдайының 7-42%осы дерттің  үлесінде. Басқа да жиі кездесетін асқынулар -  бронхит, синусит, отит, миозит, миокардит аурулары.  Тұмау ауруы 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы аурумен ауыратын науқастар және қарттар арасында ауыр ағымда өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада  аймақтық дәрігергерді үйге шақыртып, тиісті емін алу қажет.  Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жоғарыда аталған егілуге жататын азаматтарды вакцина алуға кеңес береді.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
30 қыркүйек 2019 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам