Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Жолда жүру қалыпқа келтірілді 

Жолда жүру қалыпқа келтірілді 

Күздің екінші айы халықты әбігерге салды. Мәселен 3 қараша күні ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Арал-Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылған болатын. Ауа райы әсерінен жолдың нашарлауы себеп болғандықтан жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, бүгінге дейін жұмыс жасаған. Олар тоқтатылған көлік жолаушыларын қонақ үйге орналастырып, тамақтандыру, жылыту шараларын қолға алған.
– Арал ауданында 519 ауыр жүк көлігі, 194 жеңіл автокөлік, 54 автобустың жүруі шектетіліп, 2144 ересек адам мен 8 бала қонақ үйге орналастырылды. Ал Қазалы ауданында 120 ауыр жүк көлігі мен 108 жеңіл автокөлік, 1 автобус оқшауланып, 1792 ересек адам мен 9 баланы жылы жерге орналастырылды. Сондай-ақ, Төретам аймағында 1 жеңіл көлік пен 12 ересек адам және Қармақшы ауданында 28 жүк көлік пен 5 жеңіл көлік тоқтатылып, 33 ересек адамға көмек көрсетілді. Қазіргі кезде жағдай тұрақты. Көлік қозғалысы Ақтөбеге қарай бағыт алуда, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Сиад Молдақараев.
– Арал-Ақтөбе тасжолы ашылып, жол жүру қозғалысы қалпына келтірілуде. Қазіргі танда, жол қозғалысын қаматамасыз ететін мекемелер жұмыс істеуде. Сондай-ақ, адамдардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Қазавтожол» Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Ғалымжан Оспанов.
Айтсақ, өзімізге тиеді. Расында, жолға шықпауды ескертіп, хабарлама келсе де оған құлақ аспаймыз. Бүгінгі брифингте мамандар осы мәселеге назар аударуды баса айтты.
– Тұрғындарға уақытылы хабарлама жіберіледі. Сол уақытта жолға шығуға болмайды. Ауа райы аяқ астынан күрт өзгеруі мүмкін. Сондықтан алдағы күндердің ауа райына мән беріп отыру қажет, – деп атап өтті облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
05 қараша 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам