Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Қызылордалық НЗМ оқушысы Нұрдәулет Таңатов республикалық шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

Қызылордалық НЗМ оқушысы Нұрдәулет Таңатов республикалық шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрдәулет Таңатов «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогы» атты республикалық шахмат турнирінде жүлделі екінші орынға ие болды.
Нұрдәулетпен бірге онлайн-турнирге 900-ге жуық мықты қазақстандық шахматшылар қатысты. Қатысушылар 10, 14 және 18 жас ерекшеліктері бойынша өзара сайысты. Қызылордалық зияткер орта санатта бірқатар мықты қарсыластарды жеңіп, тек бір қатысушыға есе жіберіп, ойын кестесінде екінші орынға шықты.
– Шахмат ойлау дағдысын арттырып,  есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады, – дейді Нұрдәулет. – Бұл спорттағы кумирім – норвегиялық шахматшы, әлем чемпионы Магнус Карлсен. Оның ойын техникасы мен стилі қызықтырады. Шахматтың барлық түрлеріндегі қол жеткізген жетістіктері оны әмбебап ойыншы екенін байқатады. Әсіресе қарсыластың психологиясын өткір сезе білу қабілеті ұнайды.
Жас спортшыны шахмат тақтасымен 6 жасында үйдегі үлкендер таныстырған екен. Отбасылық ойындар Нұрдәулеттің шахматқа деген қызығушылығын артырып, кәсіби деңгейде үйренуге септігін тигізді. Бүгінде Нұрдәулеттің қоржыны облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі көптеген медальдарға толы.
«Менің шахматтық мансабымдағы ең үлкен жетістігім – Astana Open 2019 халықаралық шахмат фестиваліндегі қола медалім. Бұл жарыста Швейция, Бельгия, Беларусь, Моңғолия және басқа да елдердің 628 спортшымен ой жарыстыру мүмкіндігі бұйырды. Әрбір жарыс – мен үшін өзімнің қабілеттерімді ашатын, жаңа білім мен тәжірибе жинақтайтын сабақ», – деп бөлісті естеліктерімен Нұрдәулет.
09 қыркүйек 2020 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (1676)

29 қыркүйек 2020 ж.

№74 (1675)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам