Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Әсел Серікбай, шахматтан Әлем чемпионы: ЖЕҢІЛІС АРҚЫЛЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕСІЗ

Әсел Серікбай, шахматтан Әлем чемпионы: ЖЕҢІЛІС АРҚЫЛЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕСІЗ

Тақта үстіндегі  текетірес – ой мен даналықтың ойыны. Спорттың қай түрі болмасын үлкен жауапкершілікті, төзімділікті талап етері анық. Сыр перзенті  Әсел Серікбай шахматтан халықаралық ФИДЕ шебері. Ол 3 дүркін Əлем,  7 дүркін Азия, 17 дүркін Қазақстан чемпионы. Алдағы додаларға дайындалып жатқан Әсел Серікбаймен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Әсел, дайындық барысын­да сұхтаттасуға уақыт бөлгеніңе рахмет. Алдымен ойынға тоқ­талайық. Шахматты неше жа­сың­нан бастап ойнап келе жа­тырсың? Спорттың дәл осы түрін таң­дауыңа не себеп болды?
– Мен шахмат тақтасымен 6 жасымда таныстым. Бірінші сынып оқып жүргенде ұстазымыз 10 баланы шахмат үйірмесіне  шақырды. Бастапқы уақытта мені ондағы пішіндер, олардың жүру бағыттары қызықтырды. Кейін үйірме жетекшісі Риза Қошқарова оқушылар арасынан іріктеп алды. Сол кісінің арқасында шах­маттың қыр-сырын үйрендім. Стратегиялық ойынға деген қызы­ғушылығым арта түсті. Одан кейін 2015 жылдан бастап қазіргі жетістікке жетуіме же­текшім Шимелков Василий Владимирович  көмектесті.
– Күніне қанша сағат дайын­даласың?
– Күніне 3 сағаттан 6 сағат­қа дейін дайындық болады. Жиын­дарда 8 сағатқа дейін дайын­даламыз. Таңертең 4, түстен кейін 4 сағат. Бұл максимум. Бар қажыр-қайратымызды сарқып тастаймыз. Қазір үйреніп жатқаныңды кейін қарсыласыңа қолданасың. 10-12 сағат дайындалатын шах­мат­шылар бар дегенге мен аса сене бермеймін. Осыншама уақыт бойы 100 процент дайындалу мүмкін емес.
– Алғашында шахматпен ой­нау қаншалықты қиынға соқты?
– Алғашында шахматқа деген қызығушылығым болған соң, қат­­ты қиындыққа түскен жоқ. Тек жарыстарда жеңіліп қалған кез­де қиын болатын. Кішкентай кезімде тек жеңуді ойлайтынмын, жеңілгенінді мойындағыныз кел­мейді. Бірақ уақыт өте оған да үйренесіз, себебі жеңіліс арқылы жеңіске жетесіз. Қателеріңізді түсінесіз.
– Шахмат балалық ша­ғынды ұрлаған жоқ па?
– Жоқ, шахмат балалық ша­ғымды ұрлаған жоқ. Себебі басқа балалар ойнап жүрген кез­де, мен жарыстарға шығып, көп­теген қаланы, елді көр­дім. Жетістіктерге жеттім. Осы мүм­кіндік үшін алдымен Аллаға, одан кейін жаттықтырушыларыма ал­ғыс айтқым келеді.
– Озат оқушы болдың ба?
– Иә, озат оқушы болдым. Мектепті «Алтын белгімен» бітір­дім. Ұстаздар әрдайым түсініс­тікпен қарап, көмектесіп отырды.
– Сен әрдайым сапарда жүресің. Оның барлығына қара­жат қажет. Жалпы, шах­маттан табыс табуға бола ма?
– Мықты шахматшылардың демеушілері бар. Бізге қазір бір­шама жеңіл болды. Өйткені кей­бір шығындарды демеушілер мен федерация төлейді. Облыстық спорт басқармасы және 1 ОРМБЖМ бізді жарыстарға жіберіп отырады.
– Ырым, наным-сенімге қалай қарайсың?
– Әртүрлі жағдай болады. Дәптерді ашып, кітапты оқисың.Сол күні жеңіске жетесің. Соны қайталап істеу керек деп ойлайсың. Бірақ әр кезде әр қалай, барлық ырымдарға сене берудің де қажеті жоқ деп ойлаймын.
– Шахмат саған не үйретті?
– Шахмат маған жауапкер­шілікті түсінуді, әр уақытты үнем­ді пайдалануды үйретті.
– Шахматшылар ойы алғыр болуы үшін  көп кітап оқу керек дейді. Сен қаншалықты кітап оқисын? Сүйікті жазушың кім?
– Иә, негізі адам шахматшы болмаса да кітап көп оқу керек деп ойлаймын. Шахмат кітабы болса,  Гарри Каспаровтың кітабы. «Мои великие предшественники» де­ген. Ал, әдеби кітап болса, көбіне детектив ұнайды. Сүйікті жазушым Агата Кристи.
– Спорт адамның мінезін қалыптастырады. Шахмат  мі­незіңді өзгертуге қандай да бір септігін тигізді ме?
– Шахматтың арқасында кіш­кентайымнан дербес болу­ды үй­рендім. Адам еңбектенсе ғана қандай да бір жетістікке жетеді.
 – Шахмат тақтасындағы ең жақсы фигураң қандай?
– Ең жақсы көретін фигу­рам – Ферзь. Ол – мен үшін күшті фигура.
– Бос уақыт спортшыларда бола бермейді. Уақытты қалай үнемдейсің?
– Рас, бос уақыт спортшыларға үшін тән емес. Егерде бос уа­қытым бола қалса отбасыммен өткіземін. Көбіне салауатты өмір өмір салтын сақтауға арнайтыным жасырын емес. Сондай-ақ, әсем әуен тыңдап, кино көріп, тіл меңгеруге машықтанамын.
Сұхбаттасқан Жарасхан Қуанышбайұлы
15 қыркүйек 2020 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 774 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам