Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » «ҚАЙСАР» ЖАҢА МАУСЫМДА ҚАНШАЛЫҚТЫ КҮШЕЙМЕК?

«ҚАЙСАР» ЖАҢА МАУСЫМДА ҚАНШАЛЫҚТЫ КҮШЕЙМЕК?

 
 Келесі жылы Қызылорданың «Қайсары» 50 жылдың мерейтойын атап өтеді. Осыған байланысты клуб жаңа маусымға дайындықты қазірден бастап кетті.
Дегенмен, Сыр командасы келесі чемпионатта қай межеге дейін жете алады? Бірге сараптап көрсек. Өткен маусым қызылордалықтар үшін сәтсіз болған жоқ. Премьер-лигаға орала сала бірден 5-ші орыннан көрінді. Ал маусым соңында облыс басшылығы болгар бапкері Стойчо Младеновті қызметте қалдыруды жөн көріп, келісімшартын ұзартты. Оның орнына клуб директорын ауыстырып, кадрлық өзгерістер жасады. Осылайша клубты әракідік үзіліспен екі жылдай басқарған Эдуард Глазуновтың орнына жергілікті маман Серік Досманбетов келді. Спорт директоры болып Талғат Сыздықов тағайындалды. Қазір енді клуб келесі маусымға дайындықты бастап кетті. Бізге жеткен ақпараттарға сүйенсек, алғашқы оқу-жаттығу жиынының уақыты да белгіленіпті. Команда жаңа жылды өткере сала Жерорта теңізінің жағалауына жиналады. Қаңтардың 3-інде жолға шығулары керек. Ол жақта 20 күннен астам уақыт жаттығып, елге 26 қаңтарда оралады. Алғашқы спарринг-қарсыластары да анықталып қойыпты. Болгарияның «Дунав Русе» командасы. Өз чемпионатындағы ақпан айына дейінгі үзілісте болгарлар да Анталияда жиналмақшы екен. Бірінші жиынға «Қайсар» басшылығы жергілікті футболшылардан бөлек, баптарын байқап, шеберліктерін сынамақ мақсатта басқа да ондаған жаңа ойыншылар әкетпек көрінеді. Арасында соңғы маусымын «Ордабасыда» өткізген Таңат Нөсербаев, Қайрат Әшірбеков сынды тәжіриеблі жігіттер де бар. «Тараздық» қос талант Бауыржан Байтана мен Әлішер Сүлей де осы жиынға «қасқырлармен» бірге аттанбақ екен. «Оқжетпесте» ойнаған Тимур Досмағамбетов те Түркияда «Қайсар» сапына қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, потенциалды жаңа ойыншылардың қатарында 2014 жылы Қазақстандағы футбол карьерасын Қызылордада бастап, кейін 1,5 жылдың ішінде «Жетісу», «Тобыл», «Ақтөбе» сынды командаларда доп теуіп үлгерген македониялық Душан Савич те бар. Черногория ұлттық құрамасының қорғаушысы Неманья Миюшкович те келесі маусымын «Қайсарда» өткізеді деген сыбыс тарады.




















Дегенмен, келесі маусымда сәтті өнер көрсетіп, жоғары орындардан көріну үшін қызылордалықтарға бірінші кезекте жақсы шабуылшы қажет. Мәселен, өткен чемпионатта «қасқырлар» 6-орыннан көрінгенімен қарсылас қақпасына соққан голдары жағынан тек үш-ақ командадан алда болды. Онда да соңғы орындағы «Оқжетпестен» 2-ақ допқа артық соғыпты. Ал клубтың үздік сұрмергендері – жартылай қорғаушылар. Салыстырмалы түрде алар болсақ, Мақсат Байжанов, Владимир Аржанов және Матиас Курьор сынды жартылай қорғаушыларының әрқайсының еншісінде 5 голдан, ал шабуылшыларының арасында көп гол соққаны – Тоқтар Жаңғылышбай. Ол 12 ойында 3 голмен шектелген. Бірақ, тәуірі де осы Тоқтар. Командаға маусымның ортасында емес, басында қосылғанда, бәлкім голдарының саны бұдан көбірек болар ма еді? Ал өзге шабуылшылары, шынын айтқанда, командаға аса көп пайда әкелген жоқ. «Еңселі жігіт. Қазақ чемпионатына осындай шабуылшы керек» деп маусым басында серб Стефан Николичке сенім артқан. Алайда ол 13 ойында бір ғана ойында, онда да пенальтиден гол соғып, ақыры маусымның белортасында Қызылордадан кетіп тынды. Жазғы трансферлік кезеңде Сербиядан Милан Бойовичті шақырған. Трансферлік құны әжептеуір жоғары болатын. Бірақ одан да аса көп қайыр болған жоқ. Николичтің көрсеткіштерінен аса алмады. «Ертістен» алдыртқан Франк Джа Джедже де солай. Сондықтан, командаға бірінші кезекте жақсы шабуылшылар керек. Әйтпесе, жалғыз Тоқтар қызылордалықтарды өрге сүйрей алмайды. Оны «Қайсар» басшылары да жақсы түсінсе керек. Кім біледі, бәлкім Таңат Нөсербаев пен Тимур Досмағамбетов әріптестерімен тез тіл табысып, Сыр командасын жеңістерге жетелей алатын шығар.
Сонымен қатар, қос қапталға жақсы латеральдар да артықтық етпес еді. Иә, Ілияс Әмірсейітов, Дмитрий Евстигнеев, Валентин Чуреевтер көп жағдайда бапкерлер алқасының сенім үделерінен шыға білді. Алайда, аздап тұрақтылықтың жетіспегені рас.   Кетіп жатқандар да бар. Мәселен, Қызылорда футболының түлегі Елжас Алтынбеков маусымаралық жиынды "Жетісуда" бастайды екен. Ал "Қайсардан" сол күйі өз орнын таба алмаған жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев "Ақжайықты" паналауды жөн көрген секілді. Неде болса, «Қайсар» дұрыс бағытты ұстана білген секілді. Жергілікті басшылар клубтың ішкі құрылымын жақсы біледі. Болгар маманы Стойчо Младенов та біліктілігін дәлелдей білді. Оның қасындағы негізгі ассистенті Ерлан Шойтымов та жергілікті маман. Құрамын күшейтуді де қазірден бастап кетті. Ел чемпионатының тарихында ешқашан жүлде алып көрмеген қызылордалықтарда 50 жылдық мерейтойында жанкүйерлеріне үлкен сыйлық жасап, үздік үштіктен көрінуге мүмкіндіктері бар. Дегенмен, «Тобыл», «Ордабасы», «Шахтер», «Ертіс» сынды еңселі бәсекелестерінің де барын ұмытпаған жөн.
https://sportsffa.kz/kz/


21 желтоқсан 2017 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 914 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам