Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласында 7-8 қазан күндері қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге еліміздің тоғыз облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 260 татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Турнирдің мақсаты – Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау.
Болатбек Сүлейменов - 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы туған жерінде шаруашылықты басқарып, партия-совет қызметтерінде жүріп, аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан құрметті азаматтардың бірі.
Сонымен қатар, ол кісі Сыр бойы мәдениетін, оның ішінде жыраулық, палуандық өнердің қайта жанданып, өркендеуіне атсалысты.
Үздіксіз қызметіндегі қол жеткізген табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Б.Бұлқышев атындағы Қазақстан жастар одағы және Ұлттық Олимпиада комитеті сыйлықтарының лауреаты Қыдырбек Рысбек, қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер медаль, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Қыздар арасында:
44 келі:
I орын Бибіхан Нәбиева (Қызылорда)
II орын Ақтоты Зәріп (Қызылорда)
III орын Әсем Берік (ОҚО)
III орын Хамария Әмірғалиева (Атырау)
48 келі:
I орын Аружан Темірғали (Қызылорда)
II орын Назерке Әбілтаева (Қызылорда)
III орын Балкүміс Қалдыбек (ОҚО)
III орын Жанерке Асқарова (Қызылорда)
52 келі:
I орын Айзада Алмаз (Атырау)
II орын Диана Тлеумұратова (Қызылорда)
III орын Бақыт Кенжебекова (Ақтөбе)
III орын Зүлфия Баянова (Қызылорда)
57 келі:
I орын Ақмарал Ерназар (Жамбыл)
II орын Рауза Нұрмағанбетова (Жамбыл)
III орын Диана Аипова (Алматы қ.)
III орын Гүлзада Алмаз (Атырау)
63 келі:
I орын Әйгерім Тасболат (ОҚО)
II орын Аяулам Балапанова (Жамбыл)
III орын Аружан Байзақ (Қызылорда)
III орын Аружан Сатова (Қызылорда)
70 келі:
I орын Әмина Расул (ОҚО)
II орын Әсел Бисенбай (Қызылорда)
III орын Нұрбану Убайдулла (Қызылорда)
III орын Аида Файзолла (Қызылорда)
78 келі:
I орын Венера Тамабек (Жамбыл)
II орын Ләйлә Арыстанбек (Қызылорда)
III орын Аруна Джангельдина (Ақтөбе)
III орын Аян Әмзе (Қызылорда )
+78 келі:
I орын Гүлида Көбей (ОҚО)
II орын Шынар Сүйіндікова (Атырау)
III орын Мөлдір Айтқұлова (ОҚО)
III орын Айдана Кенжебай (Қызылорда)
Ұлдар арасында:
55 келі:
I орын Сәкен Алмазұлы (ОҚО)
II орын Феруз Укланов (Өзбекстан)
III орын Айғали Қалдыбек (Қызылорда)
III орын Абдусамат Бақыт (Атырау)
60 келі:
I орын Тоқтар Үмітәлиев (БҚО)
II орын Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл)
III орын Рауан Бердібек (Жамбыл)
III орын Айбар Алшын (Алматы қ.)
66 келі:
I орын Бақытжан Абдрахманов (ОҚО)
II орын Сардар Джангелдиев (Өзбекстан)
III орын Алмас Әбілмажинов (ШҚО)
III орын Ерсұлтан Тұрдығұлов (Алматы)
73 келі:
I орын Саят Сейтқалиев (БҚО)
II орын Нұрбек Ортай (Жамбыл)
III орын Аңсарбек Гайнулин (БҚО)
III орын Айбар Мұқышев (Алматы қ.)
81 келі:
I орын Бексұлтан Әнуарұлы (Алматы)
II орын Джовахир Муртазаев (Өзбекстан)
III орын Ерахан Нурудин (ОҚО)
III орын Ғалымжан Мәметкәрім (Қызылорда)
90 келі:
I орын Мәлік Темірсұлтанов (Алматы қ.)
II орын Теміржан Көлбай (БҚО)
III орын Никита Цильке (ШҚО)
III орын Әмір Намазбаев (ОҚО)
100 келі:
I орын Керим Казатов (Қырғызстан)
II орын Нұрсәт Темірхан (ОҚО)
III орын Әділ Үлкенов (Алматы)
III орын Данияр Жетібаев (Қызылорда)
+100 келі:
I орын Шохрух Тураев (Өзбекстан)
II орын Нұрбек Алдажаров (Қызылорда)
III орын Жанұзақ Ермағанбет (Атырау)
III орын Мұхамедхошим Эшмурадов (Өзбекстан)



09 қазан 2017 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам