Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ

 8 қазан күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған веложарыс өтті.

Шараға 200-дей әуесқойлар мен мекеме қызметкерлері қатысты. Олар 8 км қашықтықты жүріп өтті. Жарыс №3 велоспорт жөніндегі олимпиадалық резерв мектебінің алаңынан басталып, Ш.Есенов, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Сұлтан Бейбарыс көшесінде мәресіне жетті.
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық бірінші болып келсе, Жандаулет Өндрей – екінші, Айбек Боранбаев – үшінші орындарды иеленді. Әйелдер арасында Ғалия Қуатбаева жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қаракөз Қизатова алса, үшінші орын Алтынай Жақыповаға бұйырды.
«Ең жас қатысушы» - номинациясымен 12 жастағы Бекзат Қойшыбаев, «Жасы үлкен қатысушы» - 53 жастағы Ерғали Шөмішбаев, «Белсенді қатысушы» - Нұрбол Сейтқалиев марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге жарыстың демеушісі, «Сәлем» және «Asia Life» сақтандыру компанияларының естелік сыйлықтары табысталды.
09 қазан 2017 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 110 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам