Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » КОЛЛЕДЖДЕ ӨТКЕН ЖАРЫС 

КОЛЛЕДЖДЕ ӨТКЕН ЖАРЫС 

  «Абылай хан» колледжінің миссиясында Қызылорда облысының динамикалық дамуы үшін еңбек нарығының сұранысына ие, әлеуметтік серіктестермен екі жақты ынтымақтастық орната отырып, бәсекеге қабілетті, заманауи оқыту үрдістерімен сапалы мамандарды даярлап, білімгерлердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау болып табылатындығы айтылған.
Құтқару саласы еліміздің қорғаныс саласындағы, жалпы еліміздің тарихындағы аса маңызды, басым бағыты, себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын адам өміріне, қауіпсіздігіне, денсаулығына тікелей байланысты, әрі белгілі бір тұрғыда жауапты сала десек те болады.
Қазақстан Республикасының болашақ құтқару мамандықтары құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар саласындағы қызметті дамыту үшін теория-әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан шыңдалып отырады.
Осыған орай колледждің спорт кешенінде колледжіміздің болашақ құтқарушылары яғни 1 курс студенттері арасында сайыс ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда мүшелері қатыстырылды.
Сайыс бекітілген ережеге сәйкес алдын-ала дайындалып, команданы таныстыру, нормативтік уақыттары бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары, жасанды жартас, жауынгерлік қанат жаю сайыстары өтті.
Жарыстың нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған командалар колледж директорының алғыс хатымен, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.1-ші орын «Жас құтқарушылар» командасына, 2-ші орын «Бүркіттер» командасына, 3-ші орын «Достық» командасына лайықты деп танылды.
09 қаңтар 2018 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 355 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам