Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 28 ҚАЗАНҒА АУЫСТЫ

АЙДАР ШӘРІБАЕВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 28 ҚАЗАНҒА АУЫСТЫ

  Алматылық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев 19-шы қазан күні АҚШ-тың Атланта қаласында кезекті жекпе-жегін өткізу керек болған. Алайда соңғы сәтте бұл кездесу кейінге шегертілді. Енді Айдар қазанның 28-і күні шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Бокс кеші Американың Коннектикут штатына қарасты Машантакет қаласындағы «Foxwoods Resort Casino»  кешенінде өтеді. 8 раундтан тұратын бұл дәреже көтеру жекпе-жегі Айдар үшін өте маңызды.  Осыған дейін 6 кездесу өткізіп, әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген жерлесіміз  жеңіл салмақта әлем чемпионы болуды армандайды.  Білікті бапкер Дерик Сантос Росарионың қол астында тер төгіп жүрген Айдар нағыз бабында екенін айтады. Осыдан төрт ай бұрын мұхит асқан Шәрібаев алдына қойған мақсатына жету үшін шүмектеп тер төгіп жүр.

"Туған жеріме деген сағынышты ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Майамиде жүрген төрт ай ішінде талай қиындықтар бастан өтті. Енді міне жекпе-жек жақындағанда тағы да өзгерістер орын алды. Кез-келген жеңістің оңайшылықпен келмейтінін жақсы білем. Сондықтан алдыма қойған мақсатыма жету үшін барлық қиындыққа төзуге дайынмын", – дейді Айдар Шәрібаев.

 

10 қазан 2017 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 376 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам