Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ҰСТАП ШЫҚҚАН СПОРТШЫЛАР КІМДЕР

ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ҰСТАП ШЫҚҚАН СПОРТШЫЛАР КІМДЕР

  Олимпиада ойындарында ту ұстап шығу үлкен абырой. Және ол спортшыға ауыр міндет. Себебі ту көтеріп шыққан спортшы оны жай көтеріп қана қоймай, жеңісімен қайта желбіретіп қайтуға барынша күш-жігерін салуға тырысады. Кеңес өкіметінің тұсында бұл құрмет қазақстандық спортшылардың үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін арманы болатын. Міне, Тәуелсіздігіміздің арқасында ол армандар да орындалып жатыр.
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы қатысқан 6 жазғы, 6 қысқы Олимпиада ойындарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сеніп тапсырған ел туын жоғары көтеріп шыққан спортшылардан тек бір спортшы ғана чемпион атанып, Президентке берген уәдесін орындады. Көтеріп шыққан көк туын абыроймен желбіретіп қайта алып келді. Ол – Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов болатын. Ал Қысқы Олимпиада ойындарында 1998 жылғы  Жапонияның Нагано қаласында өткен XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын көтеріп шыққан шаңғышы Владимир Смирнов қола медальмен оралды. Ол 1994 жылы Норвегияның Лиллехамер қаласында өткен Қысқы Олимпиадада 1 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алған болатын.  Міне, содан кейін,  әлі ешбір спортшымыз туды көтеріп барып жеңіспен оралып көрген емес. Биылғы жылдың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан туын шорт-тректен әлем кубогының, Универсиада, Азия ойындарының жүлдегері, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысуышысы Абзал Ажғалиев көтеріп шығатынын осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ендеше, Ажғалиевке артылатын міндет ауыр екені анық… Енді, осыған дейінгі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын кімдер көтеріп шыққанын ҚазАқпарат оқырмандарының есіне салуды жөн санап отырмыз.  Қысқы Олимпиада ойындарында ту ұстап шыққан спортшыларымыз: Лиллехаммер – 1994 жылғы Қысқы олимпиада ойындары – Кайрат Биекенов (трамплиннен секіру)
Нагано – 1998 жылғы Қысқы олимпиада ойындары  – Владимир Смирнов (шаңғы жарысы)
Солт-Лейк-Сити – 2002 жылғы Қысқы олимпиада ойындары – Радик Бикчентаев (конькимен жүгіру)
Турин – 2006 жылғы Қысқы олимпиада ойындары – Александр Корешков (хоккей)
Ванкувер – 2010 жылғы Қысқы олимпиада ойындары – Диас Кенешев (биатлоншы)
Сочи – 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындары – Ердос Ахмадиев, (шаңғы жарысы).

Дереккөз: inform.kz
17 қаңтар 2018 ж. 1 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 144 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам