Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » МАҚСАТ БАЙЖАНОВ: «УЕФА ҰЛТТАР ЛИГАСЫН ҚҰРУ – ДҰРЫС ШЕШІМ»

МАҚСАТ БАЙЖАНОВ: «УЕФА ҰЛТТАР ЛИГАСЫН ҚҰРУ – ДҰРЫС ШЕШІМ»

  Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов 24 қаңтар күні Швейцарияда өтетін УЕФА Ұлттар Лигасының жеребе тарту рәсімі қарсаңында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбат берді деп жазады KFF.KZ.
- УЕФА Ұлттар Лигасын құру – дұрыс шешім, - дейді Мақсат Байжанов. – Жанкүйерлер үшін жолдастық кездесулерге қарағанда турнир әрдайым қызықты. Біз «D» дивизионына түстік. Қарсыластардың шамамен деңгейі қарайлас. Жаңа турнирдің ойындары тартысқа толы өтеді деп ойлаймын. Ресми ойындарда жеңіске жетіп, жақсы ойын өрнегімен жанкүйерлерді қуанышқа бөлеуге тырысамыз.
- Жаңа турнирде біздің топта қай команданы көргіңіз келеді?
- Қарсыласты таңдау маңызды емес. Ең бастысы – нәтиже. Нәтижеге жасыл алаңда екі жүз пайыз тер төгу арқылы жетуге болады.
- Біздің құраманың жанкүйерлері ресми кездесулердегі жеңісті күтіп қалғаны анық.
- Өткен жылы команда жақсы ойнауға ұмтылды. Алайда, сәттілік жетіспеді. Жеңіске жете алмағанымызды барлық ойыншылар түсінеді. Алайда, осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ұлттық құрама ойындарына үлкен ниетпен бару және өз күшіңді дәлелдеу.
- Өткен маусымды қорытындылап өтсеңіз. «Қайсар» клубы 2017 жылғы чемпионатта жақсы нәтиже көрсетті. Ал, ұлттық құрамада қай ойынды атап көрсете аласыз?
- Маусым қызықты басталған еді. Алғаш рет чемпионат үш айналымнан тұрып, Премьер-лиганың тартысын арттыра түсті. «Қайсар» маусымды табысты аяқтады деп санаймын. Біздің команда үздік алтылықтың қатарына енді. Ал, ұлттық құрама үшін маусым сәтті өтті деп айта алмаймын. Өткен жылғы нәтижелер үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Қиын сәтте ұлттық құрамаға қолдау көрсетуін үзбесе екен деймін. Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы – өте маңызды.
- Алдағы маусымға қандай мақсат қойдыңыз?
- Әр футболшы үшін жылды жарақатсыз аяқтау маңызды. Жаңа маусымда қызылордалық жанкүйерлерді қуантып, еурокубок жолдамасын иеленуге ұмтыламыз.
23 қаңтар 2018 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам