Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » АСТАНАЛЫҚ БАПКЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

АСТАНАЛЫҚ БАПКЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

  «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, астаналық бапкер Вячеслав Борисовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтуде. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда. Биыл екінші мәрте өтіп жатқан шеберлік сабағына 2008-2009 және 2005 жылдары туылған жасөспірімдер мен жаттықтырушылар қатысуда.
Астаналық бапкер спортшыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйретуде. Семинар үш күнге жалғасады.
Былтырғы жылы шайбалы хоккейден облыстың жасөспірімдер командасы Шымкент қаласының ашық турниріне қатысып, қола жүлдені иеленген болатын. Айта кетейік, биыл 4-9 сәуір аралығында Қызылорда қаласында ҚР чемпионатының үшінші айналымы өтеді.
Сыр өңірінде 2013 жылы хоккей бөлімшесі ашылды. Қазіргі таңда жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 70 спортшы шайбалы хоккеймен шұғылданады. 2015 жылы облыс командасы Өскемен қаласында өткен ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанса, Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді.


23 қаңтар 2018 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам