Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫ ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫ ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

  Үстіміздегі жылдың 27-28 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді.
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 9 командадан 150 ардагер футболшылар қатысып, үздіктері анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы «Петро Қазақстан» командасын 3:2 есебімен жеңіп, екінші мәрте жеңімпаз атанды. Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы үшінші орынды иеленсе, «Қайсар» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Сергей Жмурин («Ардагер» командасы), «Үздік қорғаушы» - Ерлік Тұртанов («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Бахыт Қадыров («Қайсар» командасы), «Мерген ойыншы» - Ғани Махамбетов («Петро Қазақстан» командасы), «Үздік ойыншы» - Берік Жаппасбаев («Ардагер» командасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілді.
29 қаңтар 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 144 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам