Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ЖАРҚЫН ЖЕҢІС: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ПОЛЬШАНЫ ОЙСЫРАТА ҰТЫП КЕТТІ

ЖАРҚЫН ЖЕҢІС: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ПОЛЬШАНЫ ОЙСЫРАТА ҰТЫП КЕТТІ

  Футзалдан Словения елінің астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасын ұтты. 5:1 есебімен жеңіске жеткен Какау шәкірттері ширек финалға шықты деп жазады Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы бірінші таймды аса қарқынды өткізді. Ойынның 3 минутында-ақ қарсыластар қақпасында доп тулатты. Құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын Тайнан соқты.
Жақында ғана Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік алған бразилиялық алғашқы ресми ойынында-ақ гол соғып, көзге түсті.
9 минутта Біржан Оразов Польша құрамасының қақпасына екінші голды тоғытты. Тайм аяқталар тұста отандастарымыз екі бірдей гол соғып, есепті еселей түсті. Серік Жаманқұлов бір гол соқса, Михаил Першин айып соққысын сәтті орындады.
Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама екінші таймда қорғанысқа баса назар аударды. Бұл жаттықтырушының алда өтетін ойындарға орай ұстанған жоспары болуы да бек мүмкін.
Екінші таймда поляктар есепті теңестіруге тырысты. 28 минутта Доменик Солецки гол соғып, командасын желпіндірді. Одан кейін ойындағы жүйелерін өзгертіп, қақпашыны ойыншыға алмастырды.
Ереже бұзумен де "ерекшеленіп", төреші Польша құрамасы қақпасына айып добын белгіледі. Бұл жолы Михаил Першин гол соға алмады. Есесіне араға бірер минут сала Дуглас Қазақстан құрамасының ойындағы бесінші голын соқты.
Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз ширек финалға жолдама алды.
Жарыс ережесі бойынша топтан екі команда шығады. 1/4 финалда Қазақстанға "А" тобындағы Сербия, Словения және Италия құрамаларының бірі қарсылас атанатын болады.
nur.kz
02 ақпан 2018 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 355 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам